ҚХА-да республика бойынша 11 900 ерікті тіркелді. ҚХА өңірлерге 954 тонна азық-түлік, керек заттарды жіберді. 87 жүк көлігі жіберіліп, 17 арнайы техника жұмысқа қосылды. Бұл туралы «Ассамблея жастары» РҚБ Атырау облысы өкілдігінің төрағасы Нұрхан Бақытжанов ОКҚ алаңында хабарлады.

«Атырау облысында «Ассамблея жастары» ұйымына 300-ге жуық ерікіті тіркеліп, жаға бекіту жұмыстарымен айналысып жатыр. Колледж студенттері, жастар, қала тұрғындары белсенді атсалысып, келе жатқан су апатына қарсы бекіту жұмыстарымен айналасып жатыр. Қаланың гуманитарлық көмек қабылдау пунктерінде еріктілер жұмыс жасап, қаламызды аман алып қалуға барын салуда. Жастар қапшықтарға топырақ толтырады», – деді спикер.