Маңғыстау облысына 20 мыңнан аса адам Құлсарыдан уақытша қоныстануға келді. Олар мектеп пен жатақханаға эвакуацияланды. Ал, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының жастары мен орталық жанынан құрылған волонтерлік корпус эвакуацияланған, зардар шеккен халыққа гуманитарлық көмек жинауды дер кезінде бастады. Бұл жайлы Манғыстау облысы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Гүлмира Баянқызы ОКҚ брифингінде айтты.
Еріктілер Ақтөбеге 10 тоннаға жуық, ал Атырау облысына 21 тоннадан аса гуманитарлық көмек жинады.
«Жалпы облыс бойынша эвакуациялық пунктер мен жинау орталықтарына 1 032 ерікті жұмылдырылған. Қазіргі таңда олар гуманитарлық көмек жинау орталықтарында жұмыс істейді. Сонымен қоса, Құлсарыдан уақытша келген тұрғындармен жұмыс жасап, эвакациялық пунктерде еріктілік қызметін атқаруда. Осы сәтті пайдалана отырып, барша еріктіге алғыс айтамыз», – деді спикер.