«Ассамблея жастары» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің төрағасы Дариға Смаилова ОКҚ алаңында өткен брифингте тікелей байланысқа шығып, гумнитарлық жүкті қабылдау орталығындағы ахуал жайында баяндады.
«Солтүстік Қазақстанның Ассамблея жастары өкілдігінің белседілерімен бірге 14-сәуір күні ашылған жаңа жүк қабылдайтын қоймада жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс қарқынды түрде жүріп жатыр. Түнде біз гуманитарлық жүкті әр аймақтан қабылдасақ, түске дейін оны мұқтаж жандарға бөлеміз. 14.00-ден бастап су тасқынынан зардап шеккен адамдарға таратуды бастаймыз. ҚХА «Жүректен жүрекке» акциясы аясында республика бойынша 12 мыңнан астам ерікті жұмылдырылған. Облыстық ҚХА өкілдері 980 мың тонна азық-түлік қабылдады. Қажетті тауарларды аймақтарға жөнелтті. 57 жүк көлігімен гуманитарлық көмек келді. Бүгін біз Павлодар обысынан гуманитарлық жүк қабылдаймыз», – деді спикер.