Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-офисінің еріктілері өңірдегі төтенше жағдай кезінде 250-ден астам су апатынан зардап шеккен мұқтаж жанға көмек көрсетті. Бұл туралы Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-офисінің басшысы Дидар Хамзин ОКҚ алаңында хабарлады.
«50-ге жуық адамға эвакуциялық жұмыстар жүргізілді. 75 адамның үйінен бағалы заттарын шығару жұмыстары іске асты. 2 тонна киім, 2,5 тонна азық-түлік себеті жиналды. ТЖ орын алған 5 ауданға толық гуманитарлық көмек жеткізілді. Апат уақытында мұқтаж жандарға, ТЖ және ПД қызметкерлеріне 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді», – деді спикер.