Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте «Jetisu jastary» КММ директоры Ақболатов Еркебұлан хабарлады.

Оның айтуынша, жетісулықтар 1 000 тонна цемент жөнелтті. Гуманитарлық көмек жинап, оны жіберуге 300-ден астам волонтер, жастар тартылды.

«Гуманитарлық көмекті жинауға барлық жастар ресурстық орталығы, Amanat партиясы, оның жанындағы Жастар қанаты, Қазақстан студенттері альянсының өкілдері, Ассамблея жастары жұмылдырылған. Сонымен қатар мұндай жағдай бізді өңірімізде орын алмауы үшін «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірлердегі өзен арналарын және арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қажетті заттарды жинау пунктерінде қажетті тұрмыстық және мен гигиеналық заттарды қабылдап жатырмыз. Шамамен 7 күнде гуманитарлық көмек қажет елді мекендерге жолданатын болады», – деді спикер.