«Антициклон сілемі еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен екпінді жел күшейеді. Күндізгі температура батыста және оңтүстікте 25-32 градусқа дейін, солтүстікте және орталықта 20-28 градусқа дейін көтеріледі, ал еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін жылынады», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.
СҚО және Алматы қаласына қатысты гидрологиялық дауылды ескертулер шығарылды.
Солтүстік Қазақстан облысында 20-26 сәуір аралығында Ақмола облысынан ағындардың (Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендері) келуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Кызылжар және Есіл аудандарында су деңгейінің көтерілуі (су тасқынының екінші толқыны) және қауіпті деңгейден асуы күтілуде.
«20-22 cәуір аралығында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2000 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады», - деді спикер.