Құлсары қаласында 4-сәуірден бастап төтенше жағдай жарияланған. Әзірге 2500-ге жуық құрылыс нысандары су астында қалып тұр. Жем өзеніндегі судың деңгейі тәулігіне 10-12 см-ге төмендеп жатыр. 221 үй мен басқа да нысандардан су кеткен. 3064 адам, 222 техника, 12 жүзу құралы, 36 бірлік мотопомпа, 2 су ағызу стансасы жұмылдырылды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева ОКҚ брифингінде осылай деді.
«36 738 тұрғын, оның ішінде 8392 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. ТЖД күштерімен 12 мыңнан астам бас мал қауіпсіз жерге шығарылды. Қауырт желіге 224 қоңырау келіп түсті. 16 абонентке психологиялық қолдау көрсетілді. Жылыой ауданында авариялық-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Бөгеттерді нығайту, су тарту жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр»,-деді спикер.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!