ШҚО-да су тасқыны жағдайы тұрақты. Орта таулы аймақтарда және таулардың өңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты облыста су тасқынның екінші толқыны басталды. Қазір қар жамылғысының ауданы 44%-ды құрайды. Көптеген ауданда су деңгейінің төмендеуі байқалуда. Бұл туралы ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының маманы Нұрболат Өтеев ОКҚ алаңында хабарлады.
Барлық гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Судың жіберілуі тұрақты бақылауда.
«Су тасқыны жағдайын уақытылы бағалау үшін тұрақты түрде аэровизуалды тексеріс жүргізілуде. Мобильді топтар күн сайын өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар арналарды, арықтар мен көпірлерді тазалау бойынша жоспарланған жұмыстар толық көлемде аяқтады. Облыста жедел штаб жұмыс істейді. Барлық күштер әзірлікке келтірілген. Су басу жағдайлары бойынша суды сору және қапшықтар төсеу бойынша шұғыл шаралар қабылданған. Жағдай қатаң бақылауға алынған», – деді спикер.