Ақтөбе облысының аумағында жағдай тұрақты. Тек Ырғыз ауданында ғана су тасқынына қарсы шаралар жүріп жатыр. Ырғыз ауданында Қостанай облысынан аққан Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі байқалады.
«Қазір Ырғыз ауданына 798 адам, 25 бірлік техника, 3 жүзу құралы мен 1 тікұшақ жұмылдырылған. Олардың барлығы Мамыр, Белшер, Құйылыс, Нұра ауылдарындағы іс-шарларға жұмылдырылды. Ырғыз ауданында 15 шақырым болатын бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілді. Қазір негізгі ықпал – ол Белшер ауылындағы жұмыстар. Ұзындығы 1,5 шақырым болатын, ені -3,5 м, биіктігі 3 м болатын бөгеттердің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде. 12 сәуірден бастап мұнда 1280 адам эвакуацияланған болатын. 652-сі – бала. 928 адам тікұшақпен эвакуацияланды», – деді спикер.
Ырғыз ауданында 81 үйді су басты. 261 үйге қауіп-қатер келіп тұр.