Облысқа қосымша күш-құралдар жіберілді. Олар Орал қаласы мен 4 ауданға жұмысқа жұмылдырылды. 84 елді мекенде Жайық жағасын көтеруі, дамбаларды нығайту, қапшықтарды толтырып, төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Халықты аралап, құлақтандыру және адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Өткен тәулікте Шаған өзенінің бойындағы Стеновик бау-бақша серістестігінен 61 адам эвакуацияланды.
«Эвакуациядан бас тартқан адамдар бар. Олар көбіне судың келетініне сенбейді. Қазіргі уақытта мәжбүрлі түрде эвакуациялау жүргізген жөн деп ойлаймын. Өйткені су тағы көтеріледі. Құлақтандыру телерадио арқылы әр 2 сағат сайын жүргізіледі. СМС жіберу арқылы, Инстаграм, Телеграм, жергілікті БАҚ арқылы құлақтандыру жүргізіліп отыр», – деді спикер.
24 мектеп эвакуациялық пункт ретінде істейді. Оқушылар қашықтан оқып жатыр.