Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің мониторингі жалғасуда. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайларда қалып қойған адамдарды тексеру үшін аралау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында хабарлады.
Осы сағатта 25 324 адам өз үйлеріне оралды. 8 783 адам, оның ішінде 3 832 бала эвакуациялау пунктерінде. 4700 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.
Жедел желі телефоны арқылы 2173 қоңырау түсті. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам, 5 мыңға жуық техника, 806 су сору құралы, 310 жүзу құралы, 123 әуе кемесі жұмылдырылды