Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсиннің айтуынша, Сергеев су қоймасында бөгеттен аққан су 363 см болды, қазір 356 см. 

«Екінші толқын сәуір айының соңына дейін жалғасады деп күтілуде. Есіл өзенінің сағасындағы су басқан үйлер санының артпайды», - деді спикер.  

Барлығы 14 388 адам эвакуацияланып, 764 адам үйлеріне оралды. 13 624 адам эвакуациялық пункте қалуда. 

«Қазіргі уақытта зардап шеккен 428 адам екі жаңа жатақханаға қоныстандырылды. Бүгінгі таңда 2 059 отбасы 100 АЕК мөлшерінде жалпы сомасы 760 млн теңге біржолғы төлем алды», - деді өңір өкілі. 

Аудандар мен Петропавл қаласында зардап шеккен тұрғын үйді жөндеу және бағалау бойынша бригадалар құрылды.  

«Бүгінгі таңда жөндеуге жататын 123 үй бойынша жұмыс жүргізілді, оның ішінде 24 үй бағаланды. Су кеткеннен кейін бұл жұмыс жалғасады», - деді Серік Ғайсин.