Оның мәлімдеуінше, өлген жануарларды утилизациялау жұмыстары ветеринариялық қызметтердің ерекше бақылауында, ал шығу тегі күмәнді етті сату туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар су басқан аймақтарда тұрақты эпизоотиялық жағдайды сақтау мақсатында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті су басқан аумақтардағы мал қорымдарына қосымша профилактикалық дезинфекциялық өңдеу іс-шараларын жүргізуде.
Республикалық штабтың хаттамасымен өлген жануарлардың құнын өтеу алгоритмі бекітілді. Өтемақы алу үшін өтініш берушілер залалды актілеу мақсатында жергілікті Комиссияға жүгінуі қажет. Естеріңізге сала кетейік, ауыл шаруашылығы малдары бойынша өтемақы мөлшері Ұлттық статистика бюросы жариялайтын олардың түрлері мен жас топтары бойынша нарықтық құны туралы деректер негізінде анықталады.
«Өңірлерде өлген жануарлардың иелеріне өтемақы төлеу жүргізілуде. Бүгінгі күні: Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 780 бас малына 113,2 млн теңге, Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы жануарларының 753 бас малына 98,3 млн теңге сомасында өтемақы төленді. Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша залал толығымен өтелді, Батыс Қазақстан облысында өтемақыға 187,4 млн теңге бөлінді, өтінімдерді қабылдау рәсімі жүргізілуде, төлем апта соңында басталады. Атырау және Ақмола облыстарында өтемақы алуға өтінімдер қабылдануда», – деді спикер.
Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеу бюджет қаражатынан да, бюджеттен тыс көздерден де жүргізіледі. Су тасқыны кезінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы хабарласуға болатын «жедел желі» жұмыс істейді. 8 (7172) 573358, 87470943381 нөмірлері бойынша сағат 9:00-ден 18:30 аралығындахабаралсуға болады. Сондай-ақ, pavodki_kz_bot телеграм-боты іске қосылды (тәулік бойы жұмыс істейді).