Төлемдер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген су тасқынынан шығын болған ауыл шаруашылығы жануарларының құнын өтеу жөніндегі алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады. Алгоритмге сәйкес, мал өлексесінің бар-жоғына, құлағындағы сырғаның бар-жоғына қарамастан, егер мал «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасында тіркелген болса, бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеу қамтамасыз етіледі.
«Мал иесінің ауызша айтуы бойынша шығын болған малдардың тиесілігін анықтау қажет болған жағдайда, 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының су тасқынынан болғаны туралы комиссиялық акті жасалынады және утилизация туралы акті жасалады. Сондай-ақ мал өлексесі бар болып, бірақ құлағында сырғасы болмаса немесе мал өлексесі табылмаса және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» базасында тіркелмеген болса өтемақы басқа қаржы көздерінен қамтамасыз етіледі», – деді спикер.
Барлық жағдайда ЖАО құрған комиссия, мал иесінің ауызша айтуы бойынша шығын болған малдарды анықтау үшін кемінде 3 куәгерді тарта отырып, сондай-ақ ТЖ бөлімшелерінен су басу туралы растай отырып, салыстырып тексеруді және тиістілігін анықтауды қамтамасыз етуі, қажет болған жағдайда одан әрі утилизация жасап және өлімнің комиссиялық актісін актісін жасауы қажет.