Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттар өтетіндіктен, мұнда найзағаймен жаңбыр жауады, елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады. «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысының айтуынша, республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысы мен солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі. Маңғыстау облысының көп бөлігінде, орталығында, шығысында және батысында өрт қаупі жоғары болады», - деп атап өтті спикер.
2024 жылы 26-28 сәуір аралығында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде, бұл ретте су төлігіп, аудандарды су басу мүмкін. Көрсеткіш қауіпті белгілерден асқан кезде өзендердің Жайылма учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.