Осы сағатта Жайық өзенінің су деңгейі 844 құрап отыр, ал қауіпті деңгей – 850 см. Осыдан 5 күн бұрын, 22-23 сәуірде бұл көрсеткіш қауіпті деңгейден асып, 864 см болған, деді Батыс Қазақстан облысының әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз ОКҚ алаңында өткен брифингте.
«Жұмылдырылған күштер мен техникалар үш апта бойы атқарған жұмыстар өз нәтижесін берді. Өңірлерден 1000 жуық арнайы техника, 2000 астам сарбаз келген болатын. Орал қаласының өзінде 45 км бөгет салынды, облыс бойынша жалпы 150 км дамбы салынды. Соның арқасында Ақжайық ауданында су тұрақталып жатса, Жайық өзенінің Оралдағы деңгейі күннен күнге 2-4 см төмендеп келеді», - деді спикер.
Кешенді жұмыстардың нәтижесінде қауіп төнген 84 елді мекеннің бірде-біреуін су басқан жоқ. Тек саяжай учаскелері ғана су астында қалды.
Орал қаласындағы бөгеттер ерекше бақылауға алынған, адамдар судың елді мекендерге өтуін қадағалауда.