Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша қар жамылғысының ауданы 22%-ды құрайды. Барлық гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істейді. Су тасқыны жағдайын уақытылы бағалау үшін аэровизуалды тексерулер жүргізіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев айтты.

Оның хабарлауынша, мобильді топтар тәулік бойы мониторинг жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларын жүргізу бойынша жоспарлаған жұмыстар 100% орындалды.

«Барлық өзеннің деңгейі шектік деңгейден төмен. Уақытылы шешім қабылдау үшін облыстық жедел штаб жұмыс істейді. 1 ақпаннан бастап күштер мен құралдар дайын. Су тасқыны үнемі бақылауда», - деп түйіндеді спикер.