Қостанай облысында су тасқыны бәсеңдеп, жағдай тұрақтанды. Қазір залалды есептеу және өтеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Өңір әкімдігі қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алма Жүсіпова ОКҚ алаңында өткен брифингте комиссияға 2439 өтініш түскенін айтты. Әкімдік төлемдер бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді.
«Ақша, ең алдымен, әлеуметтік төлемдерге, су тасқынынан зардап шеккен залалды өтеуге, автомобиль жолдарын қалпына келтіруге және ауылдық елді мекендерді электрмен жабдықтауға жұмсалады. Үкімет резервінен қосымша 405 млн теңге бөлінді, олар толығымен игерілді. Арқалық қаласында зардап шеккен оңтүстік аудандардың тұрғындары үшін 31 пәтер сатып алынды», - деп атап өтті спикер.
1100-ден астам үй тексерілді, 700-ге жуығы қалпына келтіруге жатады, оларға өтемақы төленеді және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 378 үй қалпына келтірілмейді, оларға жеке сектордан сатып алу арқылы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледі. Қостанай ауданының зардап шеккен тұрғындарына берілетін қосымша 30 пәтерге құжаттар дайындалуда.
Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, су тасқынынан 981 бас мал қырылды, 806 бас үшін 161 млн теңге төленді. Біржолғы әлеуметтік төлемге 1915 өтініш бойынша 739 млн теңге жіберілді. Өтініштерді қабылдау жұмыстары жалғасуда. Зақымданған тұрмыстық техника, жиһаз, басқа да жылжымалы мүлік үшін 7,5 млн теңге төленді.