«ТЖ режимі жарияланған өңірлерде 5 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ автоматты түрде тағайындалды. Мүгедектігі бар 2 мыңнан астам адамға қайта куәландыру мерзімі ұзартылды. Бұл шара 4 мыңға жуық адамды қамтиды. Бұдан басқа, ТЖ кезеңінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған 8 мыңға жуық жұмыссыз адамның жалақысын еңбек ұтқырлығы орталықтары жұмыс берушілерден мәліметтерді талап етпей төлейтін болады. Жастарға шағын несие беру бағдарламасы бойынша қарыз алушыларға микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі», - деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны барысында.