БҚО облысы бойынша жағдай тұрақталып келеді. Жайық өзеніндегі су деңгейі түсіп жатыр. Соңғы тәулікте 8 см-ге түсті. Судың қазіргі деңгейі – 8 м 13 см. Сол себепті елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.
«Облыс бойынша жол-көлік қатынасынсыз 2 елді мекен қалып отыр. Ақжайық және Теректі аудандары бойынша 12 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды. Оның 5 813-і - 18 жасқа толмаған балалар. 12 эвакуациялық пункте 2 328 адам қалып отыр, оның 1011-і – балалар», – деді спикер.
5 сәуірден бері облыстық штабқа 1,306 млн тоннадан астам гуманитарлық көмек келіп жетті. 1 сәуірден бастап 1,211 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды, 1 301 831 млн дана қапшық төселді, 26 645 тонна инертті материал төселді. Жалпы, облыс бойынша барлық жұмысқа 891 адам, 294 бірлік техника, 21 су сору құралы, 46 жүзу құралы және 1 әуе кемесі жұмылдырылған. Көтерілген дамба ұзындығы 149,43 шақырымды құрайды. Жалпы, облыс бойынша жағдай тұрақталып келеді және қатаң бақылауда.