БҚО бойынша қоғамдық штаб өз жұмысын ТЖ режимі жарияланғаннан кейін бастады. Штаб эвакопунктерде тұратын адамдардың жағдайын қадағалау, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек беру мәселелерімен айналысады. Бұл жұмыстың барысы туралы БҚО қоғамдық штабының мүшесі Архат Исламғали ОКҚ алаңында баяндады.
Оның айтуынша штаб мүшелері эвакуациялық пункт тұрғындары арасындағы түсініспеушіліктерді реттеп, кәсіпкерлер мен еріктілердің көмегімен қажетті дүниелерді жеткізіп жатыр. Сондай-ақ олар азаматтардың баспанасының құжаттарын қалыпқа келтіруге жәрдем береді.