Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық штабының мүшелері күн сайын эвакуация пунктерінде өтемақы алу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ олар төлемдерді алу үшін қажетті құжаттар пакетін жинауға жергілікті жерлерде көмек көрсетеді. Бұған дейін екінші деңгейлі банктермен жұмыспен қамту орталығына жүгіну үшін деректемелер ұсына отырып, банкке бармай-ақ жергілікті жерлерде шоттар ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Бұл туралы ОКҚ брифингінде СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі Арман Бердағұлов мәлімдеді. 170-тен астам кездесу өткізіліп, 11 мыңға жуық адам кеңес алды.

Қоғамдық штабтар гуманитарлық көмек жинау пунктерінің жұмысын да үйлестіреді, жеткізілген көмекті сұрыптау бойынша өтінімдерді, жинақтауды, есепке алуды қалыптастыру бойынша жұмыс ұйымдастырылады, эвакуацияланғандардың орналасқан жерлеріне қажетті көмекті жеткізу бойынша жұмыс жолға қойылған. Штабтардың жұмысы жалғасуда.