Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған сәттен бастап 2,7 мың үйден 3,7 млн текше метр су тартылды. Сондай-ақ су тасқынымен әкелінген қоқыстарды шығару және дезинфекциялық жұмыстары жалғасуда. ОКҚ брифингінде Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтып өткендей, өткен тәулікте 275 тонна қоқыс шығарылды.

Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияға 2733 өтініш түсті. Мамандар 867 нысан бойынша техникалық тексеріс жүргізілді. Жұмысты 15 мамырға дейін аяқтау жоспарлануда. Қоғамдық штаб та өз жұмысын жалғастыруда. 3693 тұрғын кеңес алды.

Қазір Индербор кентіндегі Жайық өзенінің деңгейі - 804 см, Махамбет кентінде - 818 см және Атырау қаласында - 475 см. Ал, судың қауіпті деңгейі - 550 см.

Спикер Атырау қаласында алдын алу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті. 516 шақырым жағалауды нығайту үшін бөгеттер жасалды.