Атырау облысының Құлсары қаласында, СҚО-ның Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында тәулік бойы су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзендердегі су деңгейіне мониторинг жасалады. Өткен тәулікте Құлсары қаласында 192 766 текше метр, бүгін 6 сағатта 75 жерден су сорылып шығарылды. Өткен тәулікте Петрпавл мен Қызылжар ауданында 91 180 текше метр су сорылды. Жалпы, соңғы 5 күнде су басқан 907 үй мен 134 аула аумағындағы су сорылып шығарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында хабарлады.
«Республика бойынша 8453 тұрғын үй және 2997 аула аумағында судың бағыты бұрылды. 48 998 адам өз үйлеріне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға жалпы саны 14 374 адам, 1436 техника, 310 су сору құралы, 69 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды», – деді спикер.