Жылыой ауданында су 111 тұрғын үйден су сорылды. Сорылған судың жалпы көлемі 3,8 млн текше метр. Соңғы тәулікте 72 үйде, 2 кәсіпкерлік объектісінде электрмен жабдықтау, 119 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді. Мұндай мәліметтерді ОКҚ алаңында өткен брифингте Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты.

Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2772 өтініш қабылдады, 800-ден астам үйге техникалық тексеру жүргізілді.

«Қазгидрометтің мәліметінше, сағат 12:00-де Индербор ауылындағы Жайық өзенінің деңгейі - 824 см, Махамбет ауылында - 831 см және Атырау қаласында 408 см-ді құрады. Судың қауіпті деңгейі 550 см-ге тең. Исатай, Махамбет, Индер аудандарында жағалауды нығайту жұмыстары 99,1%-ға аяқталды. Атырау қаласында 248,4 шақырым бөгет салынды», - деді спикер.

Кезекшілікке дайындық жұмыстары жүргізілуде.