ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны жүріп жатыр. Ол мамыр айының соңына дейін аяқталуға тиіс. Таулы беткейлерде қар жамылғысының аумағы 19%-ды құрайды. Барлық гидротехникалық құрылыс режимде штаттық жұмыс жасап жатыр. ЖАО мен ТЖД үнемі аэровизуалды тексерістер жүргізеді. Тасқын кезеңінде барлығы 8 тексеріс өтті. Бұл туралы ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бас маманы Дина Бексұлтанова ОКҚ алаңында хабарлады. 

«ЖАО, мүдделі мемлекеттік органдар, ТЖД бірлесіп, арнайы мониторинг топтарын құрды. Мониторинг топтары тәулігіне 24 сағат жұмысын жалғастыруда. Яғни, су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг жасап, арнайы тасқын суға қарсы іс-шараларды қабылдайды. Сонымен қатар тасқын су кезеңі басталмас бұрын облысымызда арнайы превентивтік іс-шаралар жасалынды», – деді спикер. 

Қазір өңірде канал тазарту жұмыстары аяқталды. Жағдай қалыпты және бақылауда.