Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан үйлерден су айдау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Өзендердегі су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

«Республика бойынша 8 767 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су бағыты бұрылып, сорылды. 49 819 адам үйлеріне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 14 078 адам және 1 348 техника, 290 су сорғыш және 70 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді ОКҚ брифингінде ТЖМ өкілі.