«Жайық өзенінің жағасында орналасқан ауылдарда тәулік бойы кезекшілік пунктері ұйымдастырылды», - деді спикер.  

Махамбет ауданында Жайық өзені шектік деңгейге жақындап келеді: бүгінгі таңда су деңгейі - 848 см, шегі-850 см, жалпы ұзындығы 65 шақырым, орташа биіктігі-2,5-3 м. Бөгеттерді көтеру және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Жарсуат және Құрылыс ауылдарында қорғаныс бөгеттерінің бойында тәулік бойы кезекшілік пунктері орнатылды», - деп толықтырды Руслан Жұмағазиев. 

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 490 см, шектік деңгейі -550 см, 4 - мамырға жоспарланған 250,7 шақырым бөгеттің 249 шақырымы салынды.

Ал, Жылыой ауданының Құлсары қаласында соңғы тәулікте 78 үйден су сорылды, бүгінде 27 үй су астында қалып тұр  Сорылған судың жалпы көлемі 4 млн текше метрден асады. 1 860 нысанға дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ қаланы санитарлық тазарту жалғасуда, соңғы тәулікте 500 тонна қоқыс шығарылды. 

«Соңғы тәулікте 16 тұрғын үй мен 3 коммерциялық нысан электр қуатына қосылды. 4 - мамырға дейін азаматтардан залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2 818 өтініш қабылдады, зардап шеккен 3 657 адамға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді», - деп нақтылады өңір өкілі.