Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, қар еруінің белсенді кезеңдері жүріп жатыр. Барлық қызмет дайын. Алтай, Күршім, Катонқарағай және Шемонаиха аудандары ерекше бақылауда.
ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев атап өткендей, өзен деңгейін бақылау үшін қосымша ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Сондай-ақ гидротехникалық бекеттер қарқынды жұмыс режиміне ауыстырылды.
«Олар әр 4 сағат сайын су деңгейін өлшеп, мәліметтерді жедел штабқа жібереді. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Барлық жоспарланған алдын алу жұмыстары 100%-ға орындалды. Дегенмен өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал аудандарда техника мен қосымша күштер мен құралдар дайын», - деп атап өтті спикер.
Осы шаралардың арқасында ШҚО-да жаппай су басуға жол берілмеді. Гидротехникалық құрылыстар транзиттік режимде жұмыс істейді. Жағдай бақылауда.