Елі мен жерін, халқын қорғау – абыройлы іс. Әскери және қызметтік борышы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау болып табылатын азаматтар Қарулы Күштер қатарында адал қызмет етіп, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда. Қазіргі кезде жауынгерлеріміз Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатын алып, бітімгерлік миссияны өз бетінше атқаруда. 

Әскери қызметшілердің көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуы қазақстандықтардың бірлігінің, халық пен әскердің ауызбіршілігінің тағы да бір дәлелі.

Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Зор денсаулық пен бақыт тілейміз! Отанымыздың іргесі берік, болашағымыз жарқын болсын!