Мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін 2066 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарланған. Сондай-ақ Starlink технологиясы пилоттық жобасы шеңберінде 1993 мектеп жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Бүгінгі таңда 624 мектеп Starlink жерсеріктік интернетіне қосылды. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлу кезінде жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы құрылды. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін өтініш берудің бірнеше тәсілі енгізілді: электрондық үкімет порталы, банктердің мобильді қосымшалары және жергілікті атқарушы органдардың ресми платформалары. Бүгінге дейін, пилоттық жоба Қарағанды облысының Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында апробациядан өтті. Жобаға Атырау, Шымкент қалалары, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары қосылды. 2024 жылдың соңына дейін ол барлық республика бойынша таратылады.

«Сондай-ақ Egov Mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы ақпарат» цифрлық құжаты іске қосылды. Бұл баланың балабақшада, мектепте немесе колледжде оқитынын растайтын құжат. Мұнда баланың білім беру ұйымының деректері көрсетіледі. Осы орайда 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап оқу орнынан қағаз түріндегі анықтамаларды талап ету және алу тоқтатылды», – деді спикер.

Бұл баланың балабақшада, мектепте немесе колледжде оқитынын растайтын құжат. Сонымен қатар өткен жылдан бастап техникалық және кәсіптік білім туралы дипломдар цифрлық форматта Egov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды. 

Биылдан бастап негізгі және орта білім беру бойынша аттестаттарды цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл оқу жылын бітіруші түлектер аттестаттарын Egov Mobile мобильді қосымшасынан ала алады.