Бұл көлдерге соңғы 20 жыл бойы су бармаған, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. 

Тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары жүргізуде. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады. 

Батыс Қазақстан облысындағы судың негізгі көзі - Жайық өзені. Аталған өзен арқылы келген тасқын суы су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады.

«Сонымен қатар, «Қазсушар» мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай-ақ, Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр», - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.