Елімізде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында жаңа көшбасшы-басқарушылар дайындалуда. 13 796 адам қатысуға өтініш берді. Оның ішінде құжаттары бойынша 4 950 педагог іріктеуден өтті, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
«Бүгінгі таңда тестілеуден сәтті өткен 567 педагог оқытудан өтуде (24 - мектепке дейінгі білім беру, 496 - орта білім, 47 - ТжКБ). Биыл үміткерлер білім берудің үш деңгейі – мектепке дейінгі, орта білім және техникалық, кәсіптік білім беру бойынша оқиды», – дейді Орта білім комитетінің басқарма басшысы Айман Дүйсембаева.
Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар республикалық кадр резервіне бір жылға қосылады, содан кейін олар алған білімдерін еліміздің білім беру мекемелерін басқаруда қолдана алады.