Заман талабына сай магистральдардың құрылысы елдегі жол қауіпсіздігіне оң әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
«15 жыл бұрын жолдарда 4 мыңнан астам азамат көз жұмса, қазір бұл көрсеткіш 2 есеге азайып отыр. Магистральдық жолдардың жекелеген учаскелерінде адам шығыны 6 еседен астам қысқарды. Мысалы, «Астана-Щучинск» тас жолын қайта жаңартып, жолақтар санын 6-ға дейін ұлғайтып, сондай-ақ бөлу жолағын жайластырудан кейін жол-көлік апаттары кезінде өлім-жітім саны жылына 75-тен 12-ге дейін төмендеді», - деді Қайсар Сұлтанбаев.
Апаттылықтың төмендеуі «Астана – Павлодар – Семей», «Астана – Қарағанды» бағыттары бойынша жаңа автомагистральдарда да байқалады.
ІІМ өкілінің айтуынша, елдегі жолдардың негізгі бөлігі ескірген стандарттар бойынша салынған. Бұл – ені 7 метрден аспайтын екі жолақты жолдар. Төрт немесе одан да көп жолақтары бар бірінші санаттағы жолдар тек 2%-ды құрайды.
Спикер атап өткендей, осыған байланысты 6 мың шақырымнан астам жолда жолақтар санын кеңейту және бөлу жолағын салуды қайта жаңартуды қамтамасыз ету қажет.