Сонымен қатар барлық өңірде орман шаруашылығы мекемелерімен 175 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бұдан бөлек, Министрліктің оқу орталықтарында орман күзетінің 1 300 қызметкері оқытылды. Өрт қауіптілігі жоғары класс кезеңінде ТЖМ күштерімен орманшылықтарда механикаландырылған күзет ұйымдастырылады. Өңірлерде алдын алу шаралары басталды. 

«Еліміздің орманды-дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін мемлекеттік өрт бақылау, орман шаруашылығы мекемелері мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен мобильді топтар құрылды. Рұқсат етілмеген от жағу, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, сабанды жағу және өрт қауіпсіздігі қағидаларының басқа да бұзушылықтары үшін бүгінгі күні жалпы сомасы 10 млн астам теңгеге 920 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шаруа қожалықтарын аралау практикасы жандандырылды - шамамен 80 мың адамды қамти отырып, 1200 жиын, 11 мың нұсқама, 500-ге жуық дөңгелек үстел өткізілді», – деді спикер. 

Биылғы жаз ыстық болады деп болжануда, табиғи өрттің қаупі жоғары. Елдің орманды дала аймағындағы өрт қаупіне табиғи климаттық жағдайлар мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы үлкен әсер етеді, сол себепті өрттердің алдын алу, таралуын шектеу және оларды сөндіру бойынша уақтылы шаралар қабылдануы қажет. 

«Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз. Жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамаңыз. Орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеу, табиғат аясында болғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып кету керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті тоғыстырып, өртеп жіберуі мүмкін, жанғыш қоқыстарды шығару, құрғақ өсімдіктерден тазарту және елді мекендердің аумағын жинау бойынша іс-шаралар жүргізу, табиғи өрт туындаған жағдайда өртке қарсы қызметіне 101, 112 телефондары бойынша дереу хабарлау қажет», – деді ведомство өкілі. 

Спикер орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті.