Елімізде қолданылып жатқан өрт сөндіру техникалары 80-90 жылдары шығарылды. Ал, ереже бойынша мұндай техника әр 7 жыл сайын қолданыстан шығарылуға тиіс. Биыл Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары өңірлерде тексеріс жүргізіп, 158 тозған техниканы анықтады. Бұл туралы ҚР ЭТРМ Мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және сақтау басқарма басшысы Ануарбек Бермағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Оның мәлімдеуінше, тексерістен кейін 121 автокөлік жөндеуден өткізіліп, іске қосылды.
«Орманшылар қаражат бөліп, соған тиісті жабдықтар алып жатыр. Оған қарамастан, 2023-жылы жоспар бекітілді. Соның аясында 68,6 млрд теңге қаражат көзделді. Соның ішінде 1 мыңнан астам автокөлік алу мәселесі қарастырылды. Биылды айтатын болсақ, Министрлік тарапынан 15,4 млрд теңге қаражат бөлінді. Өрт автокөліктері, тракторлар, патрульдік автокөліктерді сатып алу рәсімдері жүріп жатыр», – деді спикер.