Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. Дархан Әбдікәрімов ОКҚ брифингінде хабарлады. Осылайша, мамандар өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес фитосанитарлық жағдай туралы ақпарат Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрліктерімен алмасып жатыр.

«Шегірткелердің шектес аумақтарға таралуына жол бермеу және шекара маңы облыстарында өзара шағымдарды болдырмау мақсатында шекара маңы аумағында бірлескен зерттеу жұмыстарының жоспарлары жасалады. Өзбек мамандарымен бірлескен зерттеулер жүргізілді. Ресейлік әріптестермен бірлескен зерттеулер жүргізілуде. Шілде айында қытайлық әріптестермен бірлескен жұмыс жүргізу жоспарлануда», - деді спикер.