Шегірткелердің ең қауіпті және зиянды түрлері - азиялық, марокколық және итальяндық прус. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының м.а. Дархан Әбдікәрімов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
«Азия және Марокколық шегірткелері – Түркістан және Жамбыл облыстарының аумағында таралған. Түркістан облысында Марокко шегірткесінің дернәсілдері бойынша 255 мың га немесе болжамды өңдеу көлемінің 94% өңделген. Өңдеу 101 бірлік жер үсті желдеткіш-бүріккіштермен, 6 ұшақпен, 2 дельтапланмен жүргізілді», - деді спикер.
Пилоттық жоба аясында 1,4 мың гектар жер дрондардың көмегімен өңделеді. Жамбыл облысында Марокко шегірткесі бойынша өңдеудің болжамды көлемінен 9,7 мың га өңделген. Ең көп таралған түрі - итальяндық прус бойынша 18 мың га өңделген.