Ведомство суару маусымына дайындықты қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда. Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су жиналды. Осыған дейін Өзбекстанмен «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.
«Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жөндеу және құрылыс жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Мысалы, Шардара ауданында 302 тік дренажды ұңғыма жөнделіп жатыр. Сондай–ақ, кәсіпорынның қарамағындағы 600 шақырымнан астам канал тазартылды», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.