Оның айтуынша, бұл акция аясында 100 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Күзде бұл шаралар өз жалғасын табады. 

«Елді мекендердің аумағында 15 млн ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтарды құрудың өңірлік жоспарлары бекітілді. 2021 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын 3 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Жалпы, өткен 3 жылда 10,3 млн ағаш отырғызылды», – деді спикер. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Орман қоры жерінде 2 млрд ағаш отырғызу шаралары қабылдануда. Әр облыста тиісті жұмыстар жүргізу жоспары бекітілді. 

Жүргізілген талдау көрсеткендей, 2021-2023 жылдар кезеңінде жалпы республика бойынша орман-мәдени жұмыстардың жоспарлары 83,4%-ға орындалды, бұл ретте 1011,8 млн дана ағаш-бұта түрлерін отырғызу және егу көзделген, ал іс жүзінде 839,5 млн дана ағаш отырғызылып, егілді.