Бүгінгі күнде еңбек қызметін реттеу және еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау жөніндегі келісімдердің жобалары Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Израиль, Германия, Латвия және Жаңа Зеландия сияқты мемлекеттермен әзірленді.
Бұл ретте Катармен келісімге қол жеткізілді, ол еңбек мигранттарының келу, болу және кету тәртібін; олардың еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары, өтемақылар бөлігіндегі құқықтарын қорғауды; еңбек міндеттерін орындау кезінде мертігу кезінде залалды өтеу тәртібін және т. б. регламенттейді.
Болашақта қол жеткізілген барлық екіжақты келісімдер Қазақстаннан да, контрагент-елдерден де еңбек мигранттарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Корея Республикасының Еңбек және жұмыспен қамту министрлігімен бірлесіп, Қазақстанды Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Employment permit System» Оңтүстік Корея жүйесіне қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бұдан басқа, Қонаев қаласында EPS жүйесі бойынша қазақстандықтарды оқытуды жүргізу үшін орталық құру бойынша жұмыс жүргізілуде.