Тыйым салынған жерлерде адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында 20 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізілді. Құқықбұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу», 412-бабы «Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау», 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масағ күйде келу» бойынша жауапқа тартылады. Жыл басынан бері 525 хаттама жасалды.
«Статистика мен талдау көрсеткендей, суға кетіп қайтыс болғандардың 97%-ы рұқсат етілмеген және жабдықталмаған демалыс орындарында шомылған. Осыған байланысты, біз азаматтарды өмірі мен денсаулығын сақтау үшін тек рұқсат етілген, қауіпсіз су қоймаларында демалуға шақырамыз. Осыған тағы бір рет назар аударғымыз келеді. Қауіпсіз орындар туралы мәліметтер БАҚ-та, әкімдіктер мен ТЖ департаменттерінің сайттарында орналастырылады», - деп атап өтті спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
2023 жылы ел бойынша су объектілерінде 612 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм және спорт орны анықталды. Оның 167-сі коммуналдық және 329-ы жекеменшік жағажайлар. Барлық коммуналдық жағажай тегін. Шомылу маусымы басталғанға дейін әкімдіктер қосымша шомылу үшін тағы 105 рұқсат етілген орын жайғастыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде 2024 жылы ресми жүзу орындарының саны 700-ден асады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға көп.