Креативті эко-хабты құрушылардың пікірінше, мұндай ізгі шара қоқысты міндетті түрде бөліп жинау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтары мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Эко-хабтың идеясы Алматыда экологиялық жобаларға арналған алаң жасау болып табылады. Біз экологияға ерекше мән беретіндердің бір жерде жиналуына мүмкіндік береміз. Бұл жердің басқа орындардан айырмашылығы, мұнда тек қоқыс қана әкелінбейді, сонымен қатар пластиктен немесе шыны бөтелке қалдықтарынан түрлі шырақтар, сағат жасауға болады. Ол үшін қоқысты өңдейтін құрылғыларды сатып алдық. Бұл жер қоқысты қажет бұйымға айналдыратын орын, ал жасалған әдемі затты үйіңізге апарып қоюыңызға болады», - деп атап өтті Eco Network жобасының жетекшісі Евгений Мұхамеджанов.
Эко-хабта экологиялық өнім өндірумен айналысатын кәсіпкерлер мен стартаперлердің өнімдері ұсынылған. Мысалы, кейбіреулер үй өсімдіктеріне органикалық тыңайтқыштар, басқалары - елдегі алғашқы және жалғыз эко-химия, басқалары - жануарларға арналған биологиялық қоспалар шығарады.
Бұдан басқа, экологиялық орталықта тұрақты негізде қайталама шикізаттан бұйымдар жасау бойынша оқыту дәрістері, эко-сағаттар, тимбилдингтер және мастер-кластар өткізіледі.