Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазықсыз сотталды, 25 мың адам өлім жазасына кесілді.
Қуғын-сүргін жылдары Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен 5 миллионнан астам адам Қазақстанға жер аударылды. Аман қалғандар қазақ жерінен пана тауып, қазақ жері олар үшін жаңа Отан атанды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде қайғылы жағдайдың құрбандарын еске алу мақсатында мемлекеттік деңгейде шаралар қолға алынды. Мыңдаған қазақстандық ақталды. Саяси және құқықтық тұрғыдан ақтаудың жаңа заңнамалық тәсілдері енгізілді, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын жалғастыруда.
Зұлмат жылдары халқымыз бастан кешкен азалы кезең бүгінгі ұрпақтың мәңгі есінде.