Оның айтуынша, бочча – бұл барлық адамға, халықтың түрлі санаттарына арналған спорт түрі. Онымен тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар айналысады: бұл балалардың церебральды сал ауруы сияқты туа біткен патологиялар және ауыр жарақаттардан кейін пайда болған ақаулары бар адамдар, оңалту, әлеуметтену, белсенді өмір салтына барынша қосу мәселесі туындаған кезде толыққанды қозғалу қабілетін жоғалтқандар.

«Бочча бейімделген спорт түрлерінің бірі ретінде физикалық, психоэмоционалды және психикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Бір қарағанда қарапайым спорт түрі сияқты көрінеді, бірақ іс жүзінде бұл ең алдымен күшті, дәлдікті, қашықтықты бағалау дағдыларын дамытатын спорт. Сондықтан біздің елде боччамен паралимпиадалық санаттарға жататын адамдар ғана айналыспайды», – деді ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан бочча федерациясының вице-президенті Асқар Хорошаш.