Аталған акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған.
Осы шара аясында заң көмегіне жүгінген 150 мыңнан астам адам тегін заңгерлік кеңес алды.
Шараны ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Әділет министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz және “Параграф” Ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, заңгерлер ұйымдастырды.
Оған 1000-нан астам маман қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар бар.