Оның айтуынша, өңірлердегі кәсіпкерлер үшін, әсіресе, ауылдық жерлерде микроқаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Агенттік «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен құрылған 18 МҚҰ-на лицензия берді.

«ШОБ субъектілеріне кредит беруді пруденциялық ынталандыру шеңберінде 2023 - жылы Агенттік капитал жеткіліктілігін есептеу кезінде кәсіпкерлік мақсаттарға берілетін микрокредиттерді тәуекел-саралаудың төмендетілген көрсеткіштерін белгіледі», – деді спикер.

Кредиттік серіктестіктердің өз қатысушыларына кредит беруін кеңейту үшін қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу талабы жойылды. Экономиканың агроөнеркәсіп секторында кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыратын кредиттік серіктестіктерді қорландыру көздерін кеңейту үшін 2023 - жылы қарашада АХҚО аумағында APEX Fund ILP бірінші апекс қоры тіркелді. Негізгі мақсатынан басқа, бұл тетік халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға әсер етеді деп күтілуде.

Сондай-ақ 2024 - жылы Қазақстанның автокөлік өнеркәсібін қолдау үшін автокөлік құралы кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттерді тәуекел-саралау 150%-дан 100%- ға дейін төмендетілді.