Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 90 үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.
Құрылыс жұмыстарын а. ж. тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, 13 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 3 332 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:
- 401 тұрғын үй салу;
- 1 497 үй сатып алу;
- 1 434 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.