IT-Aiel 2.0 жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Technowomen қауымдастығы және Астана Хаб халықаралық технопаркінің қолдауымен іске асырылып жатыр.

Әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия «әйелдерге арналған цифрландыру» бастамасын белсенді түрде дамытып, қыздар мен әйелдерді цифрландыру секторына тартады. Бұл әйелдердің жалақысын арттырып, экономикалық жағдайын жақсарту үшін жасалады. 

«IT-Aiel» бағдарламасы алғаш рет былтыр іске қосылды және оның қатысушылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.

«Көптеген қазақстандық әйел IT мамандығы бойынша қайта даярланып, осы салада жұмысын бастай алады. Биыл біз жобаны жаңа мазмұнмен, жаңа бағдарламалар және бағыттармен нығайттық. No code бағдарламалау курсын қайта жазып, электрондық коммерция бойынша оқытуды қостық. Бұ қазақстандық әйелдер мен қыздар үшін өте қызықты болады», - деді спикер.

Ол үйде бала күтіп отырған әйелдерді, жұмыссыздар мен технологиялық индустрияда қызмет етуге ниеттілерді жобаға белсенді қатысуға шақырды.