Енгізілген жаңашылдықтар аясында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басшылық лауазымдарға конкурс өткізілместен орналасу тетігі белгіленді. Атап айтқанда, Агенттік былтырдан бастап қазіргі күнге дейін осындай 512 азаматты қарастырып, 442 үміткердің тағайындалуына келісім берді. 

«Сонымен бірге мемлекеттік қызметте таланттарды дамыту жұмыстары жалғасуда. Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылдан бастап Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұдан басқа, өңірлерге белсенді және талантты жастарды тарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірлік резерв қалыптасуда. Өңірлік кадрлық резерв кандидаттарын іріктеу өңірлерді дамытудың ерекшеліктері мен басымдықтарын ескеріп өткізіліп жатыр. Олар 7 бағыт бойынша іріктеледі», – деді спикер. 

Сонымен қатар резервтердің нақты салалық бағыттары мен санын өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесінің басымдықтарын ескере отырып, өңірлік кадрлық комиссиялар анықтайды. Бірқатар өңірдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдайды ескере отырып, іріктеудің келесі кезеңдерін өткізу мерзімдерін 2024 жылдың маусым айынан тамыз айына ауыстырылды. Іріктеуге қатысуға 11 505 өтініш келіп түсті. Құжаттарды зерделеу қорытындысы бойынша заңнаманы білуге тестілеуге 5 354 адам, жеке қасиеттерін бағалауға 2 433 адам жіберілді. Құзыреттерді бағалауға 939 адам өтті.